Құрметті қатысушылар!

Инновациялық жұмыстардың республикалық конкурсы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне және педагогикалық қызметпен айналысатын, кәсіби қызметте инновациялық білім беру технологияларын әзірлейтін және енгізетін тұлғаларға арналған.

Конкурс «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурс мақсаты – педагогикалық идеяларды, бастамалар мен жобаларды анықтау, сондай-ақ педагогикалық процесс үшін құнды болып табылатын ТжКОБ педагогтерінің озық тәжірибелерін қорытындылау.

Конкурс 2022 жылдың 1 қазанынан 10 желтоқсанға дейін 2 кезеңде өтеді:

1 кезең – іріктеу (1-31 қазан): құжаттарды қабылдау және қатысушыларды іріктеу;

2 кезең – бағалау (1 қараша-10 желтоқсан): жұмыстарды талаптарға сәйкестігін қарастыру, бағалау және қорытындылау.

Конкурсқа қатысу үшін онлайн өтінімдер және Конкурс материалдары платформада ағымдағы жылғы 1 қазан сағат 9.00-ден 15 қазан сағат 24.00-ге дейін қабылданады.

Конкурс шарттары бойынша аймақтық конкурс нәтижесінде анықталған жұмыстар ғана іріктеуге жіберілетінін ескертеміз.